{metadescription}
Тоқаев Ақордада шұғыл кеңес өткізді

Тоқаев Ақордада шұғыл кеңес өткізді

Тоқаевтың тапсырмасы бойынша премьер-министрдің тікелей басшылығымен шұғыл әрекет ету штабы құрылды.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметтің және мемлекет басшысына тікелей бағынышты органдардың жетекшілерімен кеңес өткізді. Кеңесте әлемдегі қаржылық-экономикалық ахуал және оның Қазақстан экономикасына әсері жөнінде мәселелер талқыланды. Президент үкіметке, ұлттық банкке және басқа да мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.

Басты тапсырма – мемлекеттің халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерін толық көлемде орындау. Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша премьер-министрдің тікелей басшылығымен шұғыл әрекет ету штабы құрылды. Дағдарысқа қарсы іс-қимылдар жоспары әзірленеді, ірі кәсіпорындарда халықты жұмыспен қамтуға қолдау көрсету жөнінде арнайы жоспар дайындалады. Президент халықты мүмкіндігінше көбірек жұмыспен қамту мәселесін аса маңызды деп санайды.

Үкімет 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетті нақтылау жөнінде ұсыныс енгізеді. Мемлекет басшысы бюджет шығындарын қысқарту, өңірлерде халықты жұмыспен қамтамасыз ету, еліміздің қаржы-валюталық нарығын тұрақтандыру, республикалық және жергілікті   бюджеттерді оңтайландыру бойынша шаралар қабылдау қажеттігін айтты.

Әлемдегі экономикалық ахуалдың күрделенуіне байланысты дағдарысқа қарсы іс-қимылдар жоспарын әзірлеу үшін Премьер-Министр басқаратын Шұғыл әрекет ету штабын құруды тапсырдым. Мемлекет өзінің барлық міндеттемелерін толық орындайды. Қосымша жұмыс орындары ашылады. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

29 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде