{metadescription}
Мәдениет министрі коронавирус жұқтырды

Мәдениет министрі коронавирус жұқтырды

Коронавирус Францияның мәдениет министрі Франк Ристерден табылды.

Францияның мәдениет министрі Франк Ристер коронавирустың жаңа түрі COVID-19 жұқтырды. Риестер әзірге ауруханада емес, үйінде жатыр делінеді. Қазір министрмен қатынаста болған адамдар анықталуда.

Агенттік мәліметінше, Франк Ристер өткен аптада коронавирус жұқтырған біраз депутат қатысқан Ұлттық жиналыста бірнеше күн болған. Алайда шенеунік өзін "жақсы" сезінген. Соңғы екі аптадан бері Франция үкіметінің мүшелері жиналыстарда бір-бірімен қол беріп амандасуды қойған.

Айта кетейік, дүйсенбідегі жағдай бойынша, Францияда 1412 адам коронавирустың жаңа түрін жұқтырып, 25 адам қайтыс болған. 

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде