{metadescription}
Алматының бірнеше ықшамауданында суық су өшіріледі

Алматының бірнеше ықшамауданында суық су өшіріледі

Әуезов ауданына қарасты бірқатар тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттар суық судан ажыратылады.

Бұл туралы «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәлім етті.

«11 наурыз күні таңғы сағат 9 :00 –ден кешкі сағат 20:00 – ге дейін «Ақсай-1, 2, 3» шағынаудандарда орналасқан тұрғын үйлер мен басқа да нысандарды салқын сумен қамтамасыз ету шектеледі. Суық су беру уақытша тоқтатылады: Ақсай-1 ықшамауданында №№ 1-8 және №№ 11-25 үйлерде; Ақсай-2 ықшамауданында №№ 1- 76 үйде; Ақсай-3 ықшамауданында №№ 1-36 үйлерде, сондай-ақ № 42, № 121, № 133 мектептерде, № 28, № 50, № 52, № 74, № 111 және № 144 бала бақшаларда су болмайды», – деп хабарлайды «Алматы су».

Әлеуметтік және жалпы білім беру нысандарына су тапсырыс бойынша сырттан жеткізілетін болады. Бұл уақыт аралығында суық сумен қамту орындарында бекіту арматурасы ауыстырылатын болады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде