{metadescription}
Қаржы пирамидасының тағы бір басшысы ұсталды

Қаржы пирамидасының тағы бір басшысы ұсталды

Қазақстан полициясының сұратуымен Қырғызстан Республикасында «ЕSTATE Ломбард» ЖШС-ның директоры Әсет Ысқақов ұсталды.

Елден сырт аумақтағы оның қозғалыс бағытын Қазақстан Ішкі істер министрінің қызметкерлері анықтаған. Әсет Ысқақов шекараны биылғы ақпар айында кесіп өтіп, Бішкек қаласында жасырынып жүрген. 

«Қазақстан және Қырғызстан полицейлерінің бірлескен іс-қимылының арқасында іздеудегі Ысқақов көрші елден ұсталып, Бішкек қаласының уақытша ұстау абақтысына жеткізілді. Қырғыз Республикасының құзырлы органдарына оны экстрадициялау жөнінде материалдар жіберілді. Осылайша, елден қашып кеткен барлық үш компанияның басшылары бүгінгі күні қамауға алынды. Полицейлердің жедел-тергеу шараларының нәтижесінде 17 күдікті ұсталды. Ішкі істер органы 42 мыңнан астам қазақстандықтың мүлкі мен ақша қаражатын алаяқтық жолмен иемденген «Гарант 24 Ломбард» ЖШС, «ЕSTATE Ломбард» ЖШС және «Тиімді займ» ЖШС қаржы пирамидаларының басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда», - делінген мәліметте.

Айта кетейік, 27 ақпан күні ҚР ІІМ сұратуы бойынша Молдова Республикасының Кишинеу қаласында тәртіп сақшылары «Гарант 24 Ломбард» ЖШС негізін қалаған Аслан Мұрзабековты ұстады. Ал 28 ақпанда Қазақстан мен Ресей шекарасында «Тиімді займ» ЖШС негізін қалаған Жанболат Есіркепов қолға түсті.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

29 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде