{metadescription}
Коронавирус жұқтырған адам алғашқы рет қарашада тіркелген

Коронавирус жұқтырған адам алғашқы рет қарашада тіркелген

Қытайда коронавирус жұқтырған ең алғашқы адам желтоқсанда емес, қарашаның 17-сінде тіркелген.

Бұл туралы қытайлық South China Morning Post басылымы мәлімдеді. Басылымның ақпаратына сәйкес, ең алғаш жұқпалы індетті 55 жастағы Хубэй провинциясының тұрғыны жұқтырған. Атап өтейік, дәл осы провинция аурудың ошағына айналған еді. 

Қараша айының өзінде коронавирусты жұқтырған он адам анықталған, десек те олардың ешқайсысы эпидемияны таратқан алғашқы науқас ретінде тіркелмепті. Қазіргі таңда коронавирусты 120 мыңнан астам адам жұқтырған, аурудан көз жұмғандардың саны төрт мыңға жетіпті. Ал 11 наурыз ДДСҰ коронавирусты пандемия деп атапты. 

Дереккөз: Stan.kz

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.