{metadescription}
Алматыда дабыл сиреналары іске қосылып, карантин туралы жарияланды

Алматыда дабыл сиреналары іске қосылып, карантин туралы жарияланды

Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың халыққа арнаған үндеуінен кейін шаһардағы барлық дабыл сиреналары іске қосылып, жалпықалалық масштабтағы төтенше жағдай туралы хабарланды.

 «Алматыда 17 наурыз күні, кешкі сағат 17:30 шамасында дабыл қосылды. Бұл шара карантин режимінің енгізілуіне байланысты халыққа ақпаратты жеткізу үшін жасалды», - деді ТЖД баспасөз қызметінен.

Дабыл соғылған соң барлық радио және телеарналар арқылы аудиохабарлама таратылды. Айта кету керек, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында карантин режимі енгізілді. Алматыда азаматтар мен автокөліктердің қалаға кіріп шығуын шектеу үшін 27 бекет орнатылады. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, карантин қала тұрғындарының қауіпсіздігі үшін жасалып отыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

29 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде