{metadescription}
Алматыда коронавирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған 798 адам анықталды

Алматыда коронавирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болған 798 адам анықталды

Алматыда Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында қалалық Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов карантин режімінің талаптарын нақтылады.

«Қала гарнизонынның жеке құрамы қызмет етудің күшейтілген деңгейіне көшті. Қазіргі таңда Департамент тарапыннан коронавирустық инфекцияның алдын алуға және оған тосқауыл қоюға бағытталған шаралар жасалуда. Басқа да мемлекеттік органдармен біріге отырып, инфекция жұқтырған азаматтармен қарым-қатынаста болған тұлғаларды іздестіруде. Бүгінгі күні осындай 798 азамат анықталып, олар медициналық мекемелерге жеткізілді», - деді Қанат Таймерденов.

Оның айтуынша, қаладағы аса маңызды мемлекеттік нысандар мен мекемелер тәулік бойында күзетке алынған. Қалалық Полиция департаментінің басшысы карантин режиміне қатысты жасалған шараларға тоқталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде