{metadescription}
Дене қызуы көтеріліп тұрған жолаушылар Алматыға кіре алмайды

Дене қызуы көтеріліп тұрған жолаушылар Алматыға кіре алмайды

Алматыда Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін қадағалау департаменті басшысының орынбасары Әсел Халықова карантин режімінің талаптарын нақтылады.

«Алматы шекарасының периметрі бойынша орналасқан блок посттарда санитарлық эпидемиологиялық қызметтің мамандары да жұмыс істейтін болады. Олардың міндеті - науқас адамдарды тауып, оқшаулау. Ол үшін арнайы тепловизор құралдар пайдаланылады. Тепловизорлардың саны бүгінде жеткілікті. Қалаға кіретін көліктегі жолаушылардың қызуы көтеріліп тұрған болса, кіруіне тыйым салынады», - деді Әсел Халықова.

Айта кету керек, Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларында карантин режімі енгізілді. Алматыда азаматтар мен автокөліктердің қалаға кіріп шығын шектеу үшін 27 блок пост орнатылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде