{metadescription}
Алматыдан облысқа кеткендер карантинге жабылады

Алматыдан облысқа кеткендер карантинге жабылады

Алматыдан облысқа кеткендердің барлығы үй карантиніне жабылады.

Бұл Алматыда жұмыс істейтін облыс тұрғындарына қатысты. Үйдегі міндетті карантин екі аптаға созылады. Шешімге облыстың бас санитарлық дәрігері Қайрат Баймұхамбетов қол қойды.

"Карантинді облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен әкімдік қызметкерлері қоңырау шалу арқылы қадағалайды. Сонымен қатар, бұл қаулы жүктерді тасымалдау қажеттілігіне қатысты. Бүгіннен бастап тауарлар мен басқа да заттар герметикалық қаптамада тасымалданып, өңделіп, фумитациялануы керек. Герметикалық қаптамасыз жүкті тасымалдауға тыйым салынады", - деп атап өтті әкімнің баспасөз қызметі.

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде