{metadescription}
Алматыда ер адам коронавирус үшін өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты

Алматыда ер адам коронавирус үшін өз-өзіне қол жұмсайтынын айтты

Ер адам ақымақтық жасағанын мойындап, қазақстандықтардан кешірім сұрады, ол видеоны достарына арнап түсірген.

Алматы тұрғыны "коронавирус жұқтырғаным үшін өзіме қол саламын" деп видео түсірген. Полиция жұрттың үрейін алған ер адамнан жауап алды. Полиция видеоны интернет кеңістікке мониторинг жасау арысында тауып алды. Видеода ер адам коронавирус жұқтырғаны үшін өз-өзіне қол жұмсайтынын айтқан.

Қалалық полиция департаментінің бөлімшелері видео авторын анықтап, жауап алды. Ол Алматы тұрғыны болып шықты. Ер адам видеоны әзіл ретінде достарына арнап түсіргенін айтты. Әлеуметтік желілерге қалай тарап кеткенін білмейді екен. Д. есімді азамат ақымақтық жасағанын мойындап, барша қазақстандықтан кешірім сұрады.

Полицейлер Алматы тұрғынымен түсіндіру жұмысын жүргізді. Қазақстанда коронавирус жұқтырған 49 адам тіркеліп отыр. Олардың ішінде  Алматыда – 22, Нұр-Сұлтанда – 25, Қарағандыда – екі. 16 наурыздан бастап республикада төтенше жағдай жарияланды. Ал 19 наурыздан Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы карантинге жабылады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде