{metadescription}
Төтенше жағдайға байланысты коменданттық сағат енгізіле ме

Төтенше жағдайға байланысты коменданттық сағат енгізіле ме

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 49 адам тіркеліп отыр.

Қазақстанда коронавирустың таралуына байланысты коменданттық сағат енгізу мәселесі қарастырылып жатқан жоқ. Бұл туралы әділет министрі Марат Бекетаев мәлімдеді.

"Коменданттық сағат енгізу мәселесі талқыланып та, қарастырылып та жатқан жоқ. Қазіргі таңда мемлекеттің қызметін қамтамасыз етуге және вирустың таралуын болдырмауға төтенше жағдай режимі жеткілікті", - деді Бекетаев астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Қазақстанда коронавирус жұқтырған 49 адам тіркеліп отыр. Олардың ішінде Алматыда – 22, Нұр-Сұлтанда – 25, Қарағандыда – 2. 16 наурыздан бастап республикада төтенше жағдай жарияланды. Ал 19 наурыздан Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы карантинге жабылады. Азаматтарға екі қалаға кіріп-шығуға 22 наурызға дейін уақыт берілді. Ірі сауда ойын-сауық орталықтары, мәдениет, тамақтану және қызмет көрсету орталықтары уақытша жабылды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде