Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram
Алматыда коронавирус анықталған үйлердің мекенжайлары жарияланды
Бүгінде 2 жекеменшік үй мен 8 көпқабатты үй оқшауланды.
20:57 20.03.2020
Бұған дейін хабарлағанымыздай, қалада инфекция тіркелген 10 ошақ анықталды. Қала әкімдігінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, келесі мекенжайлар карантинге жабылды:
- Алтай шағынауданы - 1, 8;
- Жасқанат шағынауданы, 86;
- Еңлікгүл, 34 А; Зенков, 59;
- Достық, 162;
- Гоголь, 75:
- Сарыой, 234;
- Жароков, 16;
- Желтоқсан, 125;
- Байтұрсынов, 78/1
«Барлық ошақтарда эпидемияға қарсы профилактикалық шаралар жүргізіліп жатыр. Медицина мамандары барлық тұрғындардың денсаулығын бақылауда ұстап отыр. Бұл территорияларда дүкендер мен дәріханалардың тоқтаусыз жұмыс істеуі қамтамасыз етілген», - деді әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Қазақстанда қауіпті індетті жұқтырғандар саны 49-ға жетті. Оның ішінде Алматыда - 22, Нұр-Сұлтанда - 25 және Қарағандыда - 2 жағдай тіркелген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВВ
- Telegram