{metadescription}
Қытайда коронавирусқа шалдыққандардың 90% жазылып шыққан

Қытайда коронавирусқа шалдыққандардың 90% жазылып шыққан

Қытайда коронавирус жұқтырған науқастардың 90%-ы ауруынан айықты.

Қазір елде 5120 адам науқастанып жатыр. Қазіргі уақытта ауруханаларда 5 120 адам қалып отыр, ал вирусты жұқтырғандардың 90%-ке жуығы сауығып шықты. Соңғы мәліметтерге сәйкес, Қытайда коронавирустық инфекция жұқтырғандар саны 81 093-ке жетті, оның ішінде 72 703-і емделіп, ауруханадан шығарылды. Бұл жалпы көрсеткіштің 89,65%-ін құрайды.

Эпидемия басталғалы Хубэй провинциясын қоспағанда Қытайда 13 293 адамның ауруға шалдыққаны, 117 науқастың көз жұмғаны белгілі болды. Өлім-жітім деңгейі 0,88 пайызды құрады. Ауру ошағына алған Хубэйде 67800 адам вирус жұқтырды, оның 3153-і қайтыс болды. Өлім-жітім деңгейі 4,65 пайызды құрады. Бұдан бөлек, Шанхай билігі COVID-19 вирусына байланысты жарияланған Төтенше жағдайдың ең жоғарғы деңгейін төмендетті.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 62 адамға жетті. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде