{metadescription}
Алматы шекарасына қосымша қоршаулар қойылып жатыр

Алматы шекарасына қосымша қоршаулар қойылып жатыр

Төтенше жағдай аясында карантин енгізілген.

Алматының шекарасына қосымша қоршаулар қойылып жатыр. Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі облысқа шығуға мүмкіндік беретін ұсақ көшелер қалай жабылып жатқаны туралы суреттер жариялады. Көбіне мұндай блоктар Алатау және Медеу аудандарында қойылуда.

Мұның алдында алматылықтардың түрлі жолмен шекарадан өтпек болғаны хабарланған болатын. Ағып жатқан өзен арқылы өтпек болған адамдар ұсталып, әкімшілік жазаға тартылды. Айта кетейік, Алматы шекарасында 27 блок бекет қойылған. Қала ішінде қозғалысқа шектеу жоқ. Қоғамдық көлік кешкі 21:00 дейін жұмыс істейді.

Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.

Дереккөз: ҚазАқпарат
 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде