{metadescription}
Дәрігер COVID-19 ағзаны қалай алдайтынын айтты

Дәрігер COVID-19 ағзаны қалай алдайтынын айтты

Коронавирустың жасушаға енуінің ерекше тәсілі бар, деп хабарлайды RT дәрігер-инфекционист, медицина ғылымдарының кандидаты, Ресейдің COVID-19 бойынша жағдайды бақылау жөніндегі жедел штабының мүшесі Тимур Бессараба.

Оның айтуынша, коронавирус ағзаға жасуша мембранасы арқылы өтеді. Ол жасуша қызметі үшін маңызды молекулаларды өзінің ақуызымен алмастырып, ағзаны "алдайды" деуге болады. Бұл вирусты анықтауды қиындатады. Салдарынан вирус ағзаны зақымдайды. 

COVID-19 әсіресе, тыныс алу жолдарына зақым тигізеді. Еске сала кетсек, Қазақстанда коронавирусқа шалдығудың алғашқы екі жағдайы 13 наурызда тіркелді. Соңғы мәліметке сәйкес, елде 68 адамда вирус анықталды.

Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.

Дереккөз: Sputnik

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде