{metadescription}
Германияда коронавирус жұқтырған Қазақстандық ауруханадан шықты

Германияда коронавирус жұқтырған Қазақстандық ауруханадан шықты

Ақпарат министрі шет елде коронавируспен ауырған Қазақстанның екі азаматының жай-күйі туралы айтты. 

Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтты.

«Германияда коронавирус инфекциясымен аурған азаматымыздың денсаулығы жақсарды. Оны қазіргі уақытта ауруханадан шығарған. Ол бүгінде неміс дәрігерлердің бақылауымен карантинде жатыр. Венгриядағы азаматшамыздың жағдайы қанағаттанарлық, ауруханада ем-дом алып жатыр. Диломаттарымыз онымен және дәрігерлермен байланысып отыр», - деді министр.

Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирус дертіне шалдыққандар саны 68 адамға жетті. Оның 35-і Нұр-Сұлтанда, 29-ы Алматыда, 2-і Қарағандыда, 1-і Алматы облысында және 1 жағдай Ақтөбе облысында тіркелген.

Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде