{metadescription}
Алматыда қарияларға зейнетақыны үйге жеткізіп береді

Алматыда қарияларға зейнетақыны үйге жеткізіп береді

Алматы билігі қарт адамдар далаға шықпауы үшін зейнетақыны үйге жеткізетін болады, қазір тізім жасалып жатыр.

Алматыда 70 жастан асқан қарияларға зейнетақыны үйге жеткізетін болады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев мәлім етті. Бұған дейін "Қазпошта" АҚ арқылы 80-нен асқан қала тұрғындарына зейнетақаны үйге жеткізу қызметі болған. Енді, карантинге байланысты осы қызметті 70 жастан асқан зейнеткерлерге де көрсету жоспарланып отыр. 

"Қазіргі кезде 70-тен асқан зейнеткерлердің тізімі жасалып жатыр. Біздің негізгі мақсатымыз – барынша көп адамды қамту. Сонда олар үйде отырады, зейнетақы алу үшін қалаға шықпайды, банкке бармайды. Адам көп жүретін жерде отырмайды. Бұдан да басқа бастамалар болады. Біз онымен шектелмейміз", - деді Тұяқбаев бүгінгі брифингте.

Оның айтуынша, Алматыда 230 мың зейнеткер тұрады. 16 наурызда коронавирусқа байланысты Қазақстанда төтенше жағдай режимі жарияланған болатын. Ал 19 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан мен Алматыда карантин енгізілді. 

Соңғы мәліметтер бойынша Қазақстанда коронавирус дертіне шалдыққандар саны 68 адамға жетті. Оның 35-і Нұр-Сұлтанда, 29-ы Алматыда, 2-і Қарағандыда, 1-і Алматы облысында және 1 жағдай Ақтөбе облысында тіркелген.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.