{metadescription}
Қызылорда облысында тойхана иесі 7 тәулікке қамалды

Қызылорда облысында тойхана иесі 7 тәулікке қамалды

Қызылорда төтенше жағдай режимін бұзған тойхана иесі әкімшілік қамауға алынды.

Бұл оқиға Қазалы ауданында орын алған. Аудандық соттың қаулысымен төтенше жағдай режимін бұзған бір кәсіпкер 7 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынған. Ал осындай талапқа салғырт қараған бір кәсіпкерге 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.

«Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес төтенше жағдай режимі кезінде бірінші кезекте қоғамдық тәртіпті сақтау қатаң бақылауға алынды. Стратегиялық маңызы бар объектілерде қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Адамдар көп жиналатын орындардың қызметіне сағат 22.00-ден кейін шектеу қойылды. Ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық iс-шараларды өткiзуге тыйым салынды. Соған қарамастан облыс бойынша төтенше жағдай кезінде режимді бұзып, сағат 22.00-ден кейін жұмыс жасағаны үшін 20 кафе-тойхана және үйінде той өткізгені үшін 2 үй иесіне қатысты Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 476-бабымен хаттама толтырылды», - деп мәлім етті Қызылорда облысының прокуратурасы.

Бұдан бұрын Қызылордада ауласында той жасаған тұрғын жазаланды.

Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

10 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.