{metadescription}
Алматыда жалға алынған көлік ағаш пен жеке үйдің қоршауын қиратты

Алматыда жалға алынған көлік ағаш пен жеке үйдің қоршауын қиратты

Апат салдарынан екі адам ауыр жарақат алды: жолдан шығып кеткен көліктің алдынан екі қоршау мен ағаш шыққан.

Алматыда көлікті жалға алған жүргізуші жол апатына ұшырады. Жол апаты "Қалқаман-2" шағын ауданында Байзақ батыр және Тыныбаев көшелерінің қиылысында болды. Куәгерлер мен "Лада Приора" жүргізушісінің айтуынша, каршеринг (көлікті жалға беру) қызметіне тиесілі Volkswagen Polo Тыныбаев көшесінде келе жатқан.  

Polo солға бұрылған кезде бар жылдамдықпен жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. Жүргізуші рөлді бұрып, "Ладаға" соқтығысқан, содан кейін жеке тұрғын үйдің металл қоршауын бұзып, аулаға ұшып түсіп, жолындағы ағашты құлатқан, содан соң басқа үйдің бетон қоршауын соққан. Апат салдарынан екі адам зардап шекті – Volkswagen Polo жүргізушісі мен жолаушысы. Олар көптеген жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде