{metadescription}
Ресейде коронавирус жұқтырғандар саны 658 адамға жетті
Ресейде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны соңғы тәулікте 163-ке артып, 658 адамға жетті.
15:11 25.03.2020
Ауру жұқтырғандар елдің 55 өңірінен табылды. Қазіргі уақытта 29 адам сауығып шықты, деп мәлім етті сәрсенбі Ресейдің премьер-министрі Татьяна Голикова. Бұл туралы ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Ресейде қазіргі уақытта елдің 55 өңірінде 658 адам коронавирусқа шалдықты. 29 адам жазылып шықты. 112 мың адам оқшауланып, бақылауға алынды», - деді ол.
Мәскеу мен Санкт-Петербургтегі екі зертхана 25 наурыздан бастап коронавирусқа тестілеуді бастайды.
Серіктестер жаңалықтары
ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ