{metadescription}
Шымкенттегі коронавирус жұқтырған әйел кешегі науқастың анасы болып шықты

Шымкенттегі коронавирус жұқтырған әйел кешегі науқастың анасы болып шықты

Бүгін Шымкентте коронавирус жұқтырған адамның жағдайы белгілі болды.

Бүгінде Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған екі адам бар. 1970 жылғы науқастан алынған анализ оң нәтижесін берген. Коронавирус инфекциясы анықталған ошақта кешенді эпидемияға қарсы іс-шаралар атқарылып, қорытынды залалсыздандыру жұмысы толық жүргізілді. Науқастың қазіргі жағдайы бірқалыпты. Коронавирус инфекциясының диагностикасы мен емі бекітілген хаттамаға сәйкес терапия жүргізілуде.

Айта кетейік, бүгін диагнозы расталған азаматша - кеше коронавирус анықталған азаматтың туған анасы. Баласымен тұрмыстық тығыз қатынаста болғандықтан, азаматша 24 наурыз күні жұқпалы ауруханалар ауруханасына жатқызылып, оқшауланған. Анализ алынып, 25 наурыз күні оң нәтижесін берген.

Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде