{metadescription}
Тоқаев Олимпиада ойындарын кейінге қалдыру туралы ХОК шешімін қолдады
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада ойындарын кейінге қалдыру туралы Халықаралық Олимпиада комитетінің шешімін толық қолдайтынын мәлім етті.
20:41 25.03.2020
«Жапония премьер-министрі С.Абэ мен Халықаралық Олимпиада комитетінің Олимпиада ойындарын кейінге қалдыру туралы шешімін толық қолдаймын. Жалпы, Олимпиада ойындарының мән-маңызын қайта қарау қажет. Оған қыруар қаржы жұмсалады. Балаларға қолжетімді бұқаралық спортқа мойын бұрған жөн», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.
Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.
Серіктестер жаңалықтары
ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ