{metadescription}
Қазақстанның оңтүстігінде төрт автовокзал жабылды
Тұрақты ауданаралық рейстердің саны 50 процентке азайды, тоғыз автобекеттің жұмысы уақытша тоқтатылды.
22:24 25.03.2020
Түркістан облысында бірнеше автовокзал жабылды. Тұрақты ауданаралық рейстер саны 50%-ке азайды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Уақытша жабылғандар:
- Леңгір қаласындағы "Тау жұлдызы" автовокзалы;
- Жібек жолы елді мекеніндегі "Дархан";
- Түркістан қаласындағы "Түркістан орталығы" және "Яссы".
- 9 автобекеттің жұмысы уақытша тоқтатылды:
- Кентаудағы "Транзит сервис";
- Арыс қаласындағы "Арыс";
- Сарыағаш ауданы Жібек жолы елді мекеніндегі "Сайран Жібек жолы";
- Сарыағаш қаласындағы "Сарыағаш";
- Отырар ауданы Шәуілдір елді мекеніндегі "Нәлібек", "Сау Бол";
- Жетісай қаласындағы "Жаз";
- Түркістан қаласындағы "Мерей" және "Алтын орда".
Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.
Серіктестер жаңалықтары
ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ