{metadescription}
Солтүстікте жеті мың бетперде сатып алған кәсіпкер алданып қалды 

Солтүстікте жеті мың бетперде сатып алған кәсіпкер алданып қалды 

Қазіргі кезде қылмыстық кодекстің 190-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полицейлер алаяқтарды іздестіруге кірісті. Петропавл қаласында кәсіпкерді алдап кеткен алаяқтарды іздестіріп жатыр. Ресми мәліметке сәйкес, полицияға 1987 жылы туған жеке кәсіпкер арыз түсірді. Оны интернет арқылы алдап кеткен. 

"Сұлулық салонына арналған өнімдерді сатумен айналысатын азамат Instagram желісі арқылы 7 мың дана медициналық маска сатып алмақ болған. Сол үшін 400 мың теңгені банк картасынан "өнім берушінің" есеп-шотына аударады. Ал ақшаны алған "сатушы" кері байланысқа шықпай қойған", - дейді криминалды полиция басқарамасының басшысы Петр Климов. 

Қазіргі кезде қылмыстық кодекстің 190-бабы 2-бөлімі 4-тармағы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полицейлер алаяқтарды іздестіруге кірісті.  

"Ақпараттық жүйелердің көмегімен зат сатып алған кезде белгісіз адамдарға сенбеу керек. Әлеуметтік желілерде тіркелген интернет-дүкендерде шот тарихын, тіркелген күнін қарап, жарияланған жазбалардың саны мен мазмұнын зерттеу керек. Өзіне дейінгі тапсырыстардың жеткізілгені туралы өзгелердің пікірін саралау қажет", – деп атап көрсетті Климов.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.