{metadescription}
Әкімдердің өзі тікелей эфирден халықтың жер-жебіріне жетіп, ұрсып жатыр

Әкімдердің өзі тікелей эфирден халықтың жер-жебіріне жетіп, ұрсып жатыр

Иттерін серуендеуге алып шығатындар да оңбай сөз естіді.

Италия қалаларының басшылары халқын үйге тыға алмай әлек. Ақырында бүкіл әдепті жинап қойып, олар қала тұрғындарына тікелей эфирден ұрсуға көшті. Италияда 74 386 адам COVID-19 дертін жұқтырған, олардың 7 503-і қайтыс болды. Коронавирустан өлген адамдар саны бойынша да әлемде көшбастап тұр. Италияда карантин бар, азық-түлік дүкендері мен дәріханаларды қоспағанда, мұқым елде мектептер, барлар және сауда нүктелері жабық. Тұрғындарға бір елді-мекеннен екіншісіне баруына тыйым салынған, ал төтенше жағдай кезінде қажеттілік кезде сыртқа шығуға рұқсат, бұл мүмкіндікті қала тұрғындары аздап серуендеп, бой жазуға пайдаланып қалып жатыр.

24 наурызда - сейсенбіде жарияланған қаулыға сәйкес, коронавирус диагнозы қойылған адам карантинді бұзғаны үшін ең жоғарғы жаза енді үш ай емес, бес жылға бас бостандығынан айыру ретінде қайта өзгертілді. Ең аз деген түрме мерзімі - бір жыл. Ал дені сау адамдарға үйде отыруды қала әкімдері мен облыс басшылары ұрсып тұрып жеткізіп жатыр.

Мәселен, Лучера қаласының мэрі Антонио Тутоло індетке қарамастан әйелдердің шашын қию үшін үйіне баратын шаштараздар қызметін сынға алды. Россано-Венето қаласының мэрі Морена Мартини де осындай пікірде.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.