Оралда коронавирус туралы жалған хабар таратқан әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Оралда коронавирус тіркелді деп, жалған хабар таратқан әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды.
17:45 26.03.2020
БҚО полиция департаментінің ресми өкілі, полиция полковнигі Болатбек Белгібековтің айтуынша, аталған тұрғын WhatsАpp әлеуметтік желісі арқылы аудиожазбамен коронавирусқа қатысты жалған хабар таратқан. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 274-бабы 4-бөлігі 2-тармақшасына сәйкес (көрінеу жалған ақпарат тарату) сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Бұл бап бойынша айыпты деп танылған адамға қатаң жаза қолданылады. Яғни төтенше жағдай кезінде немесе ұрыс жағдайында сондай-ақ соғыс уақытында не жария іс-шаралар өткізу кезінде жасалған іс-әрекеттер үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Басқа балама жаза қарастырылмаған», деді ҚазАқпарат тілшісіне Б.Белгібеков.