Қазақстанда тағы 12 адам коронавирус жұқтырған
Қазақстанда коронавирус жұтырған 12 адам тіркелді.
16:23 26.03.2020
"26 наурыз сағат 16:20-дағы жағдай бойынша коронавирус жұқтырған тағы 12 адам тiркелді, Алматы қаласында - 6 адам, Нұр-Сұлтан қаласында 6 адам", - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің мәліметінше, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 109 адамға жетті.
Нұр-Сұлтан – 61 жағдай,
Алматы – 40 жағдай,
Қарағанды - 1 жағдай,
Алматы облысы - 1 жағдай,
Ақтөбе облысы – 1 жағдай,
Шымкент - 2 жағдай,
Жамбыл облысы - 1 жағдай,
Солтүстік Қазақстан облысы – 1 жағдай.
Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.