Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 112-ге жетті
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын және қауіпсіздігін бақылау комитетінің мәліметінше, Жамбыл облысында тағы бір адам вирус жұқтырған.
22:41 26.03.2020
Осылайша, 26 наурыз, сағат 22-20-дағы жағдай бойынша елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 112-ге жетті.
Нұр-Сұлтанда – 61 жағдай,
Алматыда – 40 жағдай,
Қарағандыда – 4 жағдай,
Алматы облысында - 4 жағдай,
Ақтөбе облысында 1 жағдай,
Шымкентте – 2 жағдай,
Жамбыл облысында – 2 жағдай,
Солтүстік Қазақстан облысында 1 жағдай тіркелді.
Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.