{metadescription}
Алматыда коронавирустың 20 ошағы анықталды

Алматыда коронавирустың 20 ошағы анықталды

Алматыда санэпидемиологтар 20 ошақты бақылауға алды.

Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді. Алматы қаласы Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаментінің дерегі бойынша, бүгін Алматыда коронавирус шыққан ошақтың саны 20-ға жетті. Қазір санитарлық мамандар кіреберісте күшейтілген дезинфекциялық режім енгізіп жатыр. Басқа үйлердің тұрғындарының қозғалысы мен кіруіне шектеу қойылды. Карантин режімі мерзім аяқталғаннан кейін алынып тасталады.

М.Әуезов ауданында 2 жұқтыру ошағы - Жетісу-2 ықшамауданы 70а-үй; Мамыр-4 ықшамауданы 313-үйде орналасқан.

Алатау ауданында 5 жұқтыру ошағы - Заря-Восток ықшамауданы, Сарыой көшесі 234-үй; Ақкент ықшамауданы 7-үй; Ақбұлақ ықшамауданы 9-үйде орналасқан.

Алмалы ауданы бойынша 3 ошақ - Желтоқсан көшесі 125-үй; Жароков көшесі 16-үй; Жароков көшесі 7-үйде орналасқан.

Медеу ауданында 4 ошақ тіркелді. Олар Зенков көшесі 59-үй; Достық көшесі 162-үй; Гоголь көшесі 75; Қонаев көшесі 62-үйде.

Жетісу ауданында 2 ошақ - Еңлікгүл көшесіндегі 34а-үй, Волочаевская көшесіндегі 51-үйде тіркелді.

Түрксіб ауданында 5 ошақ - Алтай-1 ауданы 8-үй; «Жас қанат» ықшамауданы 86-үй; Майлин көшесі 77-үй; Спасская көшесі 63-үй; Жұлдыз-2 ықшамауданындағы 45-үй белгіленді.

Бостандық ауданында 1 ошақ – Тұрғыт Өзал көшесіндегі 242-үй.

Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

23 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде