{metadescription}
Атырауда қойма өртеніп, бір адам зардап шекті

Атырауда қойма өртеніп, бір адам зардап шекті

Атырау қаласында есіктердің үлкен партиясы сақталған қойма жанып кетті.

Салдарынан бір адам зардап шекті.

«Өрт ағаш есіктердің үлкен партиясы сақталған қоймадан шықты. Ғимараттың ішінде басталған өрт шатырға өткен. 125 шаршы метр жерді шарпыған жалын толық сөндірілді. Салдарынан 1955 жылғы ер адамның аяқ-қолдарын күйік шалды. Ол оқиға орнына келіп жеткен жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды», - деді Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Жанна Қисықова.

Оның айтуынша, өртті сөндіруге 13 өрт сөндіру және құтқару құрамы мен үш техника жұмылдырылған. Әзірге өрттің шығу себебі анықталуда.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде