Тоқаев коронавирустан қайтыс болған әйелдің туыстарына көңіл айтты
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустан көз жұмған әйелдің туған-туыстарына көңіл айтты.
09:53 27.03.2020
"64 жастағы әйелдің коронавирустан қайтыс болуы бұл індеттің аса қауіпті әрі карантинді сақтау өте маңызды екенін көрсетеді. Туған-туыстарына көңіл айтамын", - деп жазды Тоқаев Twitter-де.
Ол елорда мен Алматыда карантин шараларын күшейтіп, Шымкентте шектеулер енгізу жөнінде шешім қабылданғанын еске салып өтті.
"Осындай қажетті шара қолдануға мәжбүрміз. Эпидемияны бәріміз бірге жеңеміз. Одан сабақ алып, тиісті қорытынды жасаймыз", - деді президент.
Еске салайық, кеше Қазақстанда коронавирустан бір әйел көз жұмған болатын.
Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!