{metadescription}
Елордада карантинде жатқан 2 науқастың жағдайы ауыр

Елордада карантинде жатқан 2 науқастың жағдайы ауыр

Қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан қаласындағы жұқпалы, правизорлық және карантиндік ауруханаларда 1406 адам жатыр.

Оның 105-і – бала. Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баcшысы Сәуле Қисықова айтты.

«Қазіргі уақытта Нұр-Cұлтан қаласында коронависур жұқтырғандар саны – 107. Оның ішінде екеуі сауығып, ауруханадан шығарылды. 27 наурыз күні коронавирус жұқтырған тағы 25 жағдай, 28 наурыз күні 32 жағдай тіркелд. Оның 41-і бұрын изоляцияда болған адамдар. Олар қазіргі уақытта стационарлық бақылауда. 6 жағдай мониторинг жүргізген кезде анықталған. 1 азамат эпидемиологиялық жағдайы нашар елден келген болса, 5-еуі коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған адамдар», - Сәуле Қисықова.

Қазіргі уақытта коронавируспен ауыратыны зертханалық жолмен дәлілденген азаматтың бәрі ауруханада жатыр.

«Олармен байланыста болған адамдарды анықтау және оларды оқшаулау жұмыстары басталып кетті. Қазіргі уақытта қалалық станционарда жатқан коронавирус жұқтырған адамдар ішінде екеуі тұрақты ауыр жағдайда жатыр. Олар жасанды тыныс алу құрылғысымен жатыр. Дәрігерлер консилиумы құрылып, емдеу жолдары мен әдістері енгізіліп жатыр. Олар коронавирустық инфекция хаттамасы бойынша ем алуды жалғастыруда. Қалған науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Олар да ем алып жатыр», - дейді ол.

Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.