{metadescription}
Испания ханшайымы коронавирустан қайтыс болды

Испания ханшайымы коронавирустан қайтыс болды

Испания королі VI Филипптің туысы Мария Тереза Бурбон-Парма 86 жасында коронавирустан қайтыс болды.

Бұл туралы оның ағасы Сикст-Генрих Бурбон-Парма естіртті. Ханшайым өзін үйінде оқшаулауға қанша тырысқанымен вирус жұқтырған.

«Бейсенбі, 26 наурызда Парижде 86 жасында Мария Тереза Бурбон-Парма және Бурбон-Бюссетс қайтыс болды, ол коронавирус COVID-19-дың құрбаны болды», - делінген Facebook-тегі Сикст-Генрихтің мәлімдемесінде.

Мария Тереза Бурбон-Парма - Испания королі VI Филипптің туысы. Оның ата-бабалары Италиядағы Парма герцогтігін билеген, содан кейін Люксембургті басқарған. Монархияның өкілі ретінде ол басқарудың осы түрін қолдай отырып, капитализмге қарсы шыққан, оның ойынша, социализмге қарай қозғалу керек. Бұл үшін оны тіпті «қызыл ханшайым» деп атаған.

Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.