{metadescription}
Ақтау қаласы 30 наурыздан бастап карантинге жабылады

Ақтау қаласы 30 наурыздан бастап карантинге жабылады

Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында 30 наурыздан бастап бірқатар шектеу шаралары енгізілді

Облыстың бас санитар дәрігері Ерғали Сыдымановтың қаулысымен Маңғыстау облысында 30 наурыздан бастап енгізілетін шектеу шараларын іске асыру мақсатында аймақтың Полиция департаменті қызметкерлеріне тапсырылды:

- енгізілген шектеулерді сақтау бойынша патрульдеу ұйымдастыру және азаматтардың қоғамдық орындарда болуына жол бермеу;
- карантин аймағын толық қоршауды қамтамасыз ету, Ақтау аумағына жаяу жүру мүмкіндігінің жолын кесу;
- карантиндегі адамдардың талаптарын бұзғаны үшін жаза енгізу;
- қоғамдық аумақтарды патрульдеу, оларды жарықтандыру және бейнебақылаумен жабдықтау жөніндегі шараларды күшейту;
- қажет болған жағдайда басқа құрылымдардың күшін қайта бөле отырып, полицияның барлық жеке құрамын жұмылдыру;
- Заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қылмысқа қарсы күресті қамтамасыз ету және төтенше жағдай кезінде сот төрелігін іске асыру жөнінде алгоритм әзірлеу;
- қауесет және арандатушылық ақпараттың жолын кесу бойынша жұмысты ерекше бақылауға алу.

Бұдан басқа, 30 наурыздан бастап қоғамдық көлік қозғалысын шектеудің эпидемияға қарсы режимі - 19.00-ден 08.00-ге дейін бекітіледі.

"Тұрғындардың пәтерден шығуын шектеу керек (тек ерекше қажеттілік бойынша - дүкендер, дәріханалар, қоқыс шығару және жұмысқа бару), көршілердің, туыстарының, әріптестерінің және т.б. сапарын шектеу керек. Азаматтардың қоғамдық орындарда: саябақтарда, скверлерде, балалар алаңы мен спорт алаңдарында болуын шектеу. Кездесу және шығарып салушы тұлғалардың темір жол, әуе және автовокзал ғимаратына кіруін шектеу", - делінген қоғамдық коммуникациялар орталығының хабарламасында.

Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

19 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде