Бөлісу:
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВ
- Telegram
Көлікпен жүруге тыйым салынды
Коронавирусқа қарсы күрес жүргізу жөніндегі арнайы республикалық комиссияның шешімімен Өзбекстанның Ташкент, Нүкіс және облыстық маңызы бар қалаларында 30 наурыз бен 20 сәуір аралығында жеке мақсаттарда көлікпен жүруге тыйым салынды.
11:14 29.03.2020
Қалада рұқсатсыз жүре алатын көліктер тізіміне тек дипломатиялық, коммуналдық қызмет көрсететін көлік құралдары, медициналық-эпидемиологиялық қызмет көрсететін, ауылшаруашылық өнімдерін жеткізетін көліктер, медициналық мекемелерге және олардан жедел медициналық көмекке (жүктілік, өмірге қауіп төндірген дене жарақаттары) мұқтаж адамдарды әкелген көліктер, қалалық және аудандық әкімшілік басшылары, олардың орынбасарларының автомобильдері, жерлеу көліктері, жедел және медициналық көмек машиналары, патрульдік авто, пошта қызметі және азық-түлікті курьерлік жеткізу көліктері, сондай-ақ коммерциялық банк автомобильдері кіреді. 29 наурыздан бастап шектеу қою кезеңінде қозғалыс рұқсат етілген автомобильдер үшін арнайы рұқсат (стикерлерді) беру басталады. Көлікке жеке мүддемен мініп жүруге тыйым салынған.
Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
- ВКонтакте
- РћРТвЂВВВВВВВнокласснРСвЂВВВВВВВРєРСвЂВВВВВВВ
- Telegram