{metadescription}
Коронавирустан жазылған америкалық қазақстандықтарға кеңес берді

Коронавирустан жазылған америкалық қазақстандықтарға кеңес берді

COVID-19 коронавирусына шалдығып, емделіп шыққан америкалық қазақстандықтарға кеңес берді.

Нью-Йорк тұрғыны Марисса Котэ солардың бірі. Әйел ауру белгілері ерекше болмағандықтан COVID-19-ға тапсырған тесті оң нәтиже береді деп күтпеген. Жөтелмеген және тыныс алуы нашарламаған. Марисса бір аптадан кейін өзін жақсы сезіне бастаған, бірақ толықтай сауығып кеткенше үйде оқшауланған.

«Бірақ менде әлі күнге дейін коронавирустың бір белгісі байқалады - иіс пен дәм сезбеймін. Бірақ дәрігер бірнеше күн немесе бірнеше аптадан соң барлығы реттелетінін айтты. Себебі бүгінде коронавирусты емдейтін арнайы дәрі-дәрмек жоқ. Ең бастысы позитив болу. Суды көп ішіңіздер, дәрумен ішуді ұмытпаңыздар. Жақсы көңіл-күй болуы керек. Ауырғандардың көбі жазылып жатыр», - дейді Марисса.

Марисса Котэ үйде қалу керектігін атап өтті. Жас келіншек «Хабар-24» телеарнасының эфирінде біздің еліміздің азаматтарына өз кеңесін айтты.

«Мен қазақстандықтарға мынадай кеңес бергім келеді – көңілді болып жүру аса маңызды. Сұйықтық көп ішіңіздер, дәрумендер мен дәрігерлер жазып берген дәрі-дәрмектерді іше беріңіздер. Үйді толықтай – барлық заттарды дезинфекциялау қажет. Белгілі болғандай, көптеген адамдар жазылып келе жатыр», - деді ол.

Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.