{metadescription}
Күшейтілген карантин кезінде қандай құжат алып жүру керек

Күшейтілген карантин кезінде қандай құжат алып жүру керек

Елорда әкімдігі күшейтілген карантин режимі кезінде жұмысқа баратын азаматтардың өзімен бірге қандай құжат алып жүруі керек екенін айтты.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлағандай, күшейтілген карантин режимінде жұмысқа баруы керек қызметшілер өздерімен бірге өзі жұмыс істейтін ұйымның мөрі басылған және басшысының қолы қойылған анықтаманы алып жүрсе жеткілікті. Бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де жұмыс орнынан алған анықтама мен қызметтік куәлікті өзімен бірге алып жүруі керек.

«Журналистер өзімен бірге жұмыс істейтін ұйымның мөрі қойылған анықтама мен қызметтік куәлік ұстап жүруі тиіс», - дейді әкімдіктің баспасөз қызметі.

Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.