{metadescription}
Атырауда жолаушылар пойызы тоқтатылды

Атырауда жолаушылар пойызы тоқтатылды

1 сәуірден бастап Атырау стансасында барлық жолаушылар пойызының қозғалысы уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі.

30 наурыздан бастап қалада карантин жарияланды. 31 наурыздан бастап №692/691 "Ақтөбе-Атырау" пойызының маршруты Доссор стансасына дейін қысқарады.

1 сәуірден №313/314 "Атырау-Маңғыстау" және №47/48 "Атырау-Бурабай курорты" жолаушылар пойызы, ал 2 сәуірден №41/42 "Атырау-Шу" пойызының қозғалысы тоқтатылады.

"Атырауға дейін және одан шығатын пойыздарға билет сатып алған жолаушылар оны қайтарып, ақшасын толық көлемде ала алады", - делінген хабарламада.

Атыраудың карантинге жабылуына байланысты автовокзал жұмысын уақытша тоқтатты. Ауданаралық, қалааралық және халықаралық рейстер тоқтатылған. Азық-түлік базарлары, дүкендер, дәріханалар, коммуналдық және жөндеу қызметтері, тазарту және дезинфекция қызметтері бұрынғысынша жұмыс істей береді.

Соңғы мәлімет бойынша Атырау облысында коронавирус жұқтырған 12 адам тіркелген.

Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.