{metadescription}
Ақмола облысы карантинге жабылады

Ақмола облысы карантинге жабылады

Жедел штабтың отырысында 31 наурыз сағат 19.00-ден бастап Ақмола облысы аумағын карантинге жабу туралы шешім қабылданды.

Өңірдегі шектеу түрлері:

Транзитті жүк көліктері мен тамақ өнімдері бар көлік құралдарын қоспағанда, барлық көлік құралдары мен азаматтардың Ақмола облысы аумағына кіруіне және шығуына тыйым салынады.

Ірі сауда орталықтары (азық-түлік дүкендері мен олар орналасқан дәріханалардан басқа), саябақтар, монша кешендері, санаторий-курорттық мекемелер, сұлулық салоны, шаштараз, азық-түлік, автомобиль, киім, құрылыс базарлары өз қызметін тоқтатады.

Қоғамдық тамақтану орындары жұмысын тоқтата тұрады, бірақ азаматтарға тапсырыс бойынша тәулік бойы үйге тамақ жеткізу қызметін сақтайды.

Дәріханалар мен дәріхана дүңгіршектері қалыпты режимде жұмысын жалғастыра береді.

Облыс тұрғындарына үйден қатты қажеттіліксіз шықпауға кеңес беріледі. Ал сыртқа шыққан жағдайда бетперде, бір реттік қолғап киіп, қолдарын антисептикпен тазалау міндеттеледі. 65 жастан асқан азаматтар өз-өзін оқшаулау тәртібін қатаң қадағалауы керек.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 294 адамға жетті.

Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.
 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.