{metadescription}
Алматыда тағы 3 коронавирус ошағы анықталды

Алматыда тағы 3 коронавирус ошағы анықталды

Алматыда коронавирустың тағы 3 жаңа ошағы анықталды.

Бұл туралы қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау департаменті мәлімдеді. Департаменттің 30 наурыздағы мәліметіне сәйкес Алматы аумағында коронавирустық инфекцияның 24 аймағы белгіленген.

Атап айтсақ, Әуезов ауданында 4 ошақ: Жетісу-2 ш/а, 70а; Мамыр-4, ш/а, 313; №6 ш/а, 35; №1 ш/а, 28 мекенжайлары.

Алатау ауданында 5 жұқтыру ошағы орналасқан. Олар - Заря-Востока ш/а, Сары-ой көшесі, 234; Ақкент ш/а, 7; Ақбұлақ ш/а, 9; Жасыл Желек көшесі, 13; Тойшыбек батыр көшесі, 121 мекенжайлары.

Алмалы ауданында 3 жұқтыру ошағы: Желтоқсан көшесі, 125; Жароков көшесі, 16; Жароков көшесі, 7 мекенжайларында орналасқан.

Медеу ауданында 4 ошақ: Гоголь көшесі, 75; Қонаев көшесі, 62; Самал-3 ш/а, 25; Достық, 111/2.

Жетісу ауданында 3 жұқтыру ошағы: Волочаевская көшесі, 51; Помяловский көшесі, 25; Құлагер ш/а, 45.

Түрксіб ауданында 2 ошақ: Жұлдыз ш/а, 45; Жұлдыз-1 ш/а, 13.

Бостандық ауданында 2 жұқтыру ошағы: Тұрғыт-Озал көшесі, 242; Науаи көшесі, 328.

Наурызбай ауданында 1 жұқтыру ошағы: Береке көшесі 1/97 үй.

Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.