{metadescription}
Алматы мен Нұр-Сұлтанда валюта айырбастау пункттері жабылды

Алматы мен Нұр-Сұлтанда валюта айырбастау пункттері жабылды

Елорда мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттері бір апта бойы жабық болады.

Бұл туралы Айырбастау пункттері қауымдастығының президенті Арчин Галимбаев хабарлады.

"Алматы мен Нұр-Сұлтанда бірде-бір айырбастау пункті жұмыс істемейді. Қалғандары күнделікті режимде сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін жұмыс істейді", - деді Арчин Галимбаев.  

Еске сала кетейік, 27 наурызда Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысында 30 наурыздан 5 сәуірге дейін Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында жұмысты тоқтату туралы шешім қабылданды.

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.