{metadescription}
Аулада ойнап жүрген баланың ата-анасына айыппұл салынады

Аулада ойнап жүрген баланың ата-анасына айыппұл салынады

Көшеде үлкен адамдардың қарауынсыз жүрген кәмелеттік жасқа толмаған адамдар ерекше назарға алынады.

Мұндай жағдайда олардың ата-анасы немесе қамқоршылары ҚР ӘК-нің 476 бабы бойынша жауапқа тартылады. Бұл туралы Алматы қаласы Полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, Алматы қаласы карантиндік режимді күшейту жөніндегі мемлекеттік комиссиясының шешімімен 28 наурыз күні сағат 00.00-ден бастап полиция қызметкерлері мен Ұлттық Ұлан сарбаздары қала көшелерінде бақылауды күшейткен. Патрульдік полициялардың жұмысы қайта қаралып, топтастырылған. Қызмет көрсету механизмі жаңартылып, негізгі назар насихат жұмыстарына бағытталыпты. Бұл шаралар ең алдымен қалада коронавирус инфекциясының таралуын азайтуға арналған. 

«Үйден тек қана азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуға және медициналық мекемеге жедел бару кезінде ғана шығу ұсынылады. Азаматтардың көптеп жиналуына жол берілмеуде. Егер бұл талаптар ескерілмесе құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘК-нің 473 бабы және 476 бабы бойынша әкімшілік шаралар қолданылады. Көшеде жүрген азаматтарды, оның ішінде үй жануарын серуендетіп жүргендер, сонымен қатар автокөлік құралын басқарып жүргендерге бұрын БАҚ-та жарияланған қызметтерді жүзеге асыруға уәкілетті азаматтардың тізіміне ғана рұқсат беріледі. Бұл рұқсаттары болмаған жағдайда құқық бұзушылар Полиция басқармасына жеткізіліп, әкімшілік жауапқа тартылады», - деді Қ.Таймерденов.

Департамент басшысы сондай-ақ карантиндік іс-шараларды күшейту үшін қалада көлік жүрісін тартылтуға және шектеу белгілерін орнату арқылы 26 пост ұйымдастырылғанын айтты. 

«Төтенше жағдай режимін қасақана бұзатын автокөлік иелері ҚР ӘК-нің 785 бабына сәйкес көлігін айыппұл тұрағына қояды. Жалпы 65 жастан асқан азматтарға үйде немесе пәтерден шықпау ұсынылады», - деді ол.

Дереккөз: baq.kz

Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.