{metadescription}
Медицина қызметкерлері 850 мың теңгеге дейін үстемақы алатын болды

Медицина қызметкерлері 850 мың теңгеге дейін үстемақы алатын болды

Президент жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссия медицина қызметкерлеріне үстемақы төлеу тәртібін бекітті.

Ресми ақпаратқа сәйкес, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау аясында мемлекеттік комиссия эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлерінің еңбекақысына ай сайынғы үстеме ақы белгілеу туралы шешімді бекітті, деп хабарлайды Primeminister.kz.

Төлемдер коронавирусты жұқтыру қаупі бар үш топ бойынша 3 айдың ішінде жүргізіледі. Олар:

"Қауіптілігі аса жоғары" — жансақтау бөлімшелерін қоса алғанда, инфекциялық стационарлардың дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстемақы 20 ең төменгі жалақыны құрайды (Жалақының ең төменгi мөлшерi - 850 мың теңге);

"Қауіптілігі жоғары" – провизорлық стационарлар мен жедел жәрдем дәрігерлері, орта және кіші медицина қызметкерлері. Үстемақы 10 ең төменгі жалақы - 425 мың теңгені құрайды;

"Қауіптілігі орташа" – карантиндік стационарлардағы дәрігерлер, орта және кіші медицина қызметкерлері, санитарлық дәрігерлер (мемлекеттік қызметкерлер), жедел жәрдем жүргізушілері және т. б. Үстемақы 5 ең төменгі жалақы- 212,5 мың теңгені құрайды. 

Отырыста үкімет басшысы медицина қызметкерлерінің денсаулығы мен өмірін сақтандыруды қамтамасыз етуді тапсырды. Осыған орай, медицина қызметкері коронавирустық инфекциямен ауырған жағдайда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан бөлінетін бір реттік әлеуметтік төлем көлемі 2 млн теңгені, ал көз жұмған жағдайда 10 млн теңгені құрайтын болады.

Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.