{metadescription}
Алматыда коронавирустан қайтыс болғандарды жерлейтін орын дайындалды

Алматыда коронавирустан қайтыс болғандарды жерлейтін орын дайындалды

Алматыда COVID-19 құрбандары үшін арнайы полигон анықталды.

Бұл туралы Алматы қаласы тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Айзат Молдақасымова онлайн-брифингте айтты. Айзат Молдақасымованың айтуынша, жедел штаб жерлеу алгоритмін әзірлеген.

«Алматыда қаза тапқандар жоқ, бірақ шаралар қарастырылған. Арнайы алгоритмге сәйкес жерленеді. Мәйіт дереу дезинфекцияланады. Белгілі бір қорғаныс құралдарында сақталады. Жерлеуге қатысатын адамдардың саны шектеулі болмақ», - дейді Айзат Молдақасымова.

Оның айтуынша, полигон қаладан тыс жерде орналасқан, маңында елді мекендер жоқ, сәйкесінше барлық қажетті қауіпсіздік шараларымен қаладан оқшауланған.

Қазақстандағы коронавирус туралы барлық ақпаратты мына жерден оқи аласыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.