{metadescription}
Астаналықтардың қай уақытта үйден шыға алатыны айтылды

Астаналықтардың қай уақытта үйден шыға алатыны айтылды

Елордадағы жедел штаб тұрғындар дүкенге, жұмысқа және дәріханаға 10.00- 20.00 аралығында бара алатынын шешті.

30 наурыз - 6 сәуір аралығында қалада дезинфекция жүргізіледі. Көшелер, аулалар мен қоғамдық орындар 20.00-6.00 аралығында залалсыздандырылады. Бұл уақытта үйден шықпау керек екені ескертілді.

"Бұл шаралардың тиімді болуы үшін төтенше жағдай режимінде кешкі сегізден кейін үйден шықпауға кеңес береміз", - деді әкімдікте.

Айта кетсек, бұған дейін коронавирустың таралуына жол бермеу үшін уақыт бойынша шектеу енгізілген болатын. Ол 30 наурыз - 5 сәуір аралығында сақталады. Бұл аралықта астана мен Алматыда жұмыс аптасы болмайтыны жарияланды.

Дереккөз: Sputnik

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.