{metadescription}
Тоқаев төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлерге көмектесетінін айтты

Тоқаев төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлерге көмектесетінін айтты

Қазақстанда шағын және орта бизнес кәсіпкерлерін қолдаудың жаңа пакеті әзірленеді.

Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев твиттерде жазды.

«Шағын және орта бизнес өкілдерінің үндеуімен мұқият танысып шықтым. Қазіргі төтенше жағдай кезінде көтеріліп отырған мәселелер өзекті. Барлық өтініштер мен ұсыныстар мұқият сарапталады. Сонымен қатар басқа да шаралар қарастырылады», - деп жазды Президент Twitter-дегі парақшасында.

Мемлекет басшысы қабылданған шешімдерді әлеуметтік-экономикалық шаралардың жаңа пакеті бойынша жұмыстар аяқталған соң жариялайтынын жеткізді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.