{metadescription}
Коронавирус жұқтырған тағы 4 адам көз жұмды 

Коронавирус жұқтырған тағы 4 адам көз жұмды 

Ресей астанасында коронавирус жұқтырған тағы 4 адам көз жұмды.

Бұл туралы Мәскеудегі коронавируспен байланысты жағдайды бақылау мен мониторингілеу жөніндегі жедел штабтың Telegram-арнасынан хабарланған.

«Мәскеуде 4 пациент қайтыс болды. Оларға «пневмония» диагнозы қойылған және коронавирус жұқтырғаны да анықталды. Марқұмдардың жасы 76 мен 86-ның аралығында. Олардың барлығы жүрек-қантамырларының созылмалы дертіне шалдыққан», - деді штаб өкілдері.

Сонымен қатар қайтыс болғандардың созылмалы пиелонефрит, демікпе, мидың созылмалы ишемиясы сияқты аурумен ауырғандары да белгілі болды. Екі адамда қант диабеті болған. Пациенттердің екеуі тыныс алу аппаратына қосылған. ТАСС агентігінің жедел штаб мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлауынша, Мәскеуде осыған дейін коронаврус жұқтырған және өзге де аурулары бар 7 азамат қайтыс болды. Мәскеуде вирустан қайтыс болғандардың жалпы саны 11 адамды құрап отыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде