{metadescription}
Алматы әуежайы халықаралық рейстерді тоқтатады

Алматы әуежайы халықаралық рейстерді тоқтатады

1 сәуірден бастап Алматы халықаралық әуежайы халықаралық жолаушылар рейстерін тоқтатады.

Әуе айлағының баспасөз қызметі аталған хабарды Facebook-те көліктер бойынша бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабыловтың өкіміне сілтеме жасай отырыпмәлімдеді. Әуежайдың хабарауынша, мұнда эвакуациялық авиарейстер туралы да сөз болып отыр. Алматыда 2020 жылдың 1 сәуіріне белгіленген халықаралық жолаушылар рейстері Қазақстанның басқа халықаралық әуежайларына қайта бағытталады.

"Бұл шара Алматы қаласының тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының одан әрі таралуын болдырмауға және алдын алуға бағытталған", - делінген хабарламада.

22 наурыз сағат 00: 00-ден бастап Алматыға/дан теміржол және әуе қатынасы толығымен тоқтатылды. Жалғыз ерекшелік халықаралық рейстер болды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде