{metadescription}
Қызылорда облысында қызын ұзатқан әкеге айыппұл салынды

Қызылорда облысында қызын ұзатқан әкеге айыппұл салынды

Төтенше жағдай кезінде той өткізген қызылордалық 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлейтін болды.

Қызылорда облысында төтенше жағдайға қарамастан қызының ұзату тойын жасаған тұрғын жауапқа тартылды. 27 наурыз күні ескертулерге құлақ аспай, той өткізіп жатқандар туралы бейнежазба әлеуметтік желілер арқылы облыс тұрғындары арасында кеңінен тарады. 

Полиция қызметкерлері бұл деректі дереу тексеруге кірісті. Нәтижесінде 27 наурыз күні сағат 17:30 шамасында Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының тұрғыны қызының ұзату тойын жасағаны анықталды.

"Той иесіне қатысты Қазақстан Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 476-бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, құжаттар сотқа жолданды", - деп хабарлады полицейлер.

Онлайн-режимде өткен сот шешімімен оған 10 айлық есептік көрсеткіш (26 510 теңге – Sputnik) мөлшерінде айыппұл салынды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде