{metadescription}
Қазақстанда коронавирустан екінші адам қайтыс болды

Қазақстанда коронавирустан екінші адам қайтыс болды

Қазақстанда тағы бір адам коронавирус инфекциясынан көз жұмды.

"Өкінішке қарай, бүгін коронавирус дертінен бір адам қайтыс болды. Осы орайда марқұмның туған туыстарына көңіл айтамыз", - деді онлайн-брифингте Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова.  

50 жастағы ер адам 21 наурызда ауруханаға жатқызылған, оны жедел жәрдем қызметкерлері жеткізді. Ол бір ай бойы ауырған, бірақ дәрігерлердің көмегіне жүгінбеген. Жұмысына байланысты іссапарларға жиі шыққаны белгілі болды. Науқаспен байланыста болған 31 адам - туыстары мен әріптестері ауруханаға жеткізілді. Тағы 55 адам үйге карантинге жабылды.

Оның отбасының екі мүшесінен коронавирус инфекциясы анықталып отыр. 31 наурыздағы жағдай бойынша ауруханада 1693 адам жатыр. Оның 96-сы он сегізге дейінгі балалар. Бүгінгі таңда Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған 175 адам тіркелді. Жалпы, елде 325 адам дертке шалдыққан. 26 наурызда Ақмола облысы Қосшы ауылының 64 жастағы тұрғыны қайтыс болған еді. 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде